Халықаралық интеграция

Сенаторлар ҚХР Компартиясы Орталық Комитетінің делегациясымен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қаңтар , 10:32

ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәслелерін зерттеу жөніндегі орталық басшысының орынбасары Лун Гоцянды қарсы алған сенатор Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі – Қытаймен тату көршілік қатынастар қалыптастыру екенін атап өтті.

Лун Гоцян Қытайдың ішкі саяси өмірі мен экономикалық саясатының маңызды мәселелері туралы сенаторды хабардар етті.

Кездесуге сонымен қатар сенаторлар Михаил Бортник пен Елеусін Сағындықов та қатысты.
 




Яндекс.Метрика