Парламент

С.Салим: Мерзімінен бұрын сайлау – парасатты шешім

Бүгінде біз БАҚ құралдарынан алдағы сайлауға дайындық біркелкі әрі тұрақты өтіп жатқанын байқап отырмыз, деді өзбек саясаттанушысы Сардор Салим Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 10:02

«Қазір бар әлем бойынша экономикалық дағдарыс жүруде.Ол Орталық Азияға да әсер етті. Сондықтан да жаңа идеялар қажет. Қазақстандық депутаттар өте парасатты шешім қабылдады. Бұл Елбасының Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін өте қажет. Жаңа депутаттар келіп, жаңа заңдар қабылданады. Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысқа нақты жауап бере алады. Бүгінде біз БАҚ құралдарынан алдағы сайлауға дайындық біркелкі әрі тұрақты өтіп жатқанын байқап отырмыз», - деді С.Салим.

Оның айтуынша, жаңарған Парламенттің депутаттары Қазақстанның жаһандық бастамаларын заңнамалық қамтылуын жүзеге асырады.

«Сондай-ақ, мерзімінен бұрын сайлау Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өтуін қамтамасыз етеді. Адамзатты ядролық қарудан бас тартуға бағытталған ұсыныс әлемдік қауымдастықта қолдауға ие болып отыр. Бұл істерді заңнамалық қамтуда ҚР Парламент депутаттарының рөлі ерекше», - деді ол.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика