Өңірлер

Щучинск қаласында МЖӘ аясында 280 орындық жаңа балабақша ашылады

Ақмола облысының Щучинск қаласында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 280 орындық жаңа балабақша ашылатын болады. Бұл жөнінде өңір басшысы С.Кулагиннің Бурабай ауданына барған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Ақмола28 Қаңтар , 19:43

Облыс әкімдігі хабарлағандай, 300 орындық «Мерей» балалар бақшасы «ОВПП Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына кіреді.
Бүгінде бұл жерде 282 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 100 бала мектепке дейінгі мекемеге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында барып жүр. Бұл балалар ай сайын 22 мың теңге төлемақының орнына 12 мың теңгеден төлейді. 
 
Атап өтейік, «ОВПП Мерей» ЖШС Щучинск қаласындағы «Айналайын» балалар бақшасының да иесі. Бұл мекеме тәрбиеленушілерінің саны - 170. Бүгінгі күні серіктестік бір мезетте 470  бала қабылдап алуға қауқарлы. Облыс әкімімен кездесу барысында «Мерей» балалар бақшасының басшысы Гауһар Хамзина өз ісі туралы айта келе болашақтағы жоспарымен де бөлісті. Іскер әйел мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 280 орындық балабақша ашқысы келетінін және бұл мақсатқа аудан орталығындағы ескі «Радуга» балалар бақшасының  ғимаратын сатып алуды көздеп отырғанын айтты.
Өңір басшысы өз сөзінде МЖӘ аясында жұмыс істеу Елбасымыздың біздің алдымызға қойып отырған талаптарының бірі екенін атап өтіп, облыс кәсіпкерлерінің осы бағытқа бет бұрып, жұмыс жасауға тілек білдіріп жатқандары қуантатынын және олар үшін мемлекет тарапынан толық қолдау көрсетілетінін айтты. 
 
 
 




Яндекс.Метрика