Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақмола облысында тәулігіне 80 м3 газды бетон шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің Бурабай ауданына барған жұмыс сапары барысында газды бетон өнімін өндіретін жаңа іске қосылған нысан «ПромЭнергоНаладка» ЖШС-на бас сұғып, қызметімен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Қаңтар , 09:43

Кәсіпорын одан өзге түрлі құрылыстық-монтаж жұмыстарын орындайды, жылу қондырғылары мен құрылыс материалдарын шығарады екен.  

2015 жылдың қараша айында серіктестік газды бетон өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосуға 140 млн. теңге жұмсапты. Қараша-желтоқсан айларында зауытта жарық көрген сынамалы өнім көлемі 120 текше метр газды бетонды құраған.

Жалпы нысанның жобалық қуаттылығы – сөткесіне 80 м3 газды бетон өнімі, серіктестік 2016 жылы 14 мың текше метрден астам газды бетон өнімін шығаруды көздеп отыр. Атап өту керек, аталмыш өнімнің әрбір текше метрінің нарықтағы құны 13 мың теңге, демек кәсіпорынның ағымдағы жылғы өнімін сатудан түсетін пайдасы шамамен 182 млн. теңгені құрамақ. Бүгінде бұл жерде 6 адам еңбектенуде, олардың орташа айлық жалақылары 70 мың теңге.

Кәсіпорын жұмысымен танысып, өндіріс процесін бақылаған С.Кулагин жалпы жақсы деген баға берді. 

 




Яндекс.Метрика