Өңірлер

Талдықорғанда полиция қызметкерлеріне 12 автокөлік берілді

Алматы облыстық ІІД-нің аудандық және қалалық бөлімшелерінің автопаркі тағы 12 автокөлікпен толықты. Көлік кілттерін тапсыру салтанаты Талдықорғандағы орталық алаңда өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 28 Қаңтар, 09:28

Салтанатты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашит Жақыпов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүргізді. Сонымен қатар жиынға облыстық ІІД бастығы Мұрат Ұрұмханов, полиция қызметінің ардагерлері, облыстық ІІД полиция қызметкерлері қатысты.

Тәртіп сақшыларын құттықтаған өңір басшысы А. Баталов өз сөзінде:

«Бүгін біз аудандық, қалалық полиция бөлімшелеріне 12 жаңа автокөліктің кілтін табыстағалы тұрмыз. Оның 10-ы «Көршілер бақылауы» бағдарламасы бойынша қызмет жүргізуге арналатын болады. Полиция қызметкерлерінің алдағы уақытта да жұмыстарын тиімді жүргізіп, Елбасы мен халық сенімін ақтау жолында еселі еңбек ететіндігіне сенім білдіремін», - деді.

Сондай-ақ өңірдің полиция қызметкерлерін ҚР Ішкі істер вице-министрі Р. Жақыпов та құттықтап, тәртіп сақшыларының еліміздің тыныштығы мен құқық бұзушылықтың алдын алу жолында еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

Жалпы, облыстық ішкі істер департаментінің көлік қажеттілігін қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 199 млн. 594 мың теңге қаражат бөлінген. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша ІІД балансында 1004 бірлік автокөлік тіркелген. Бұл департаменттің көлікке деген қажеттілігін 93,5 % қамтамасыз етіліп отырғанын айғақтайды.





Яндекс.Метрика