Парламент

В.Өтегенов: Облыстық мәслихаттың сайлау комиссиясы мүшелерінің 70%-ын бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер құрайды

Петропавл қ. облыстық мәслихатының сайлау комиссия мүшелерінің 70%-ын бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер құрайды, деп Петропавл қ. Облыстық мәслихат сайлауы бойынша округтік сайлау комиссиясының төрағасы Венера Өтегенова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті
Астана қаласы27 Қаңтар , 19:13

«Сайлау бойынша №28 аймақтық сайлау округінің құрамы облыстық мәслихат сайлауының үшінші сайлауында да осы құраммен жұмыс атқаруда. Комиссия жұмысқа тиянақты кірісіп, бөлмелері дайындап, барлық техникалық құралдарды жасақтады»,-деді ол.

Оның айтуынша, барлық ойластырған шаралар жасалуда, комиссияның ұйымдастыру отырысы өтіп, барлық сұрақтар шешімін табуда.

«Тіркеу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық мәслиат депуттатығына берген кондидаттармен жұмыс істеуге дайынбыз. 70 пайыз комиссия құрамын бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер құрайды, яғни барлық сұрақтарға кәсіби көзқараста қарап, шешімін табады»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Парламенттің 5 шақырылым депуттаттары мен барлық деңгейл мәслихатты таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын айтты.  Мемлекет басшысының қол қойған жарлығына сәйкес, ҚР Парламент Мәжілісі мен кезектен тыс мәслихат сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өткізіледі.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика