ҚР ИИДМБ

Үкімет МИИДБ бойынша өндіріс орындарын қаржылай қолдаудан бас тартпақ

Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын қайта қарау барысында өндіріс көздері мен кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсетуден бас тарту туралы ұсыныс айтты, бүгін ҚР Индустрия және даму вице-министр Рахым Ошақбаев.
Астана қаласы27 Қаңтар , 18:42

"Қаражат көп кезде біз кейбір өндіріс орындарын, тіпті кейбір жекелеген жобаларға тікелей қаржы құйып отырдық. Қазір бюджет бұны көтермейді, оның үстіне, жасалған сараптамалар бұл шаралардың тиімсіздігін көрсетті. Бұл мәселеге қатысты сынның да көп айтылып жүргенін өздеріңіз білесіздер. Өйткені,салынған инвестиция ақталмады. Мемлекет зауыттарға инвестиция салды, ал олар жобалық қуаттылығына да жете алмады», - деді ИД вице-министр.

Р.Ошақбаевтың айтуынша, МИИДБ бүгінгі таңдағы басты мақсаты – өңдеу өндірісі саласында бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау. Министрлік тарапынан жаңа ұсынысымыз бар; осы бағдарламаның 80% қаржысын және реттеуге жұмсалатын күштің 80% өңдеу өндірісіндегі кәсіпорындарға қолайлы жағдай туғызып, олардың бәсекеге қабілетті болуына жұмсайық.

"Ең бірінші кезекте бұл өндірістік саясаттың қарапайым тетіктері, оған кедендік-тарифтік реттеу, техникалық реттеу, несиеге қол жетімділік және салық саясаты кіреді», - деп қорытындылады вице-министр.




Яндекс.Метрика