Парламент

А. Перуашев: «Ақ жол» партиясы сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де қолданбақ

Біз сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де қолданамыз, деді Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Азат Перуашев Srategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 18:46

«Сайлауға дайындық жұмыс кестесі бойынша жүруде. Съезд делегаттарының сайлауы бойынша конференциялар аяқталуда, съезд 3 ақпанда өтеді. Біздің филиалдар кандидаттармен шешілуде, олар жергілікті мәслихаттарға ұсынылады, съезде мәжіліске енетін тізімді бекітеді», - деді ол.

ЭКС-депутат айтып өткендей, «Ақ жол» демократиялық партиясы елдегі экономикалық жағдайға  қарай көсіледі.

«Біз ешқандай шоу жасамаймыз, себебі қазір әрбір тиынның құны жоғары», - деді ол.

Оның айтуынша, сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де қолданылады.

Айта кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика