Халықаралық интеграция

Н.Рүстемов:Экономикалық дағдарыстан өтудің «қазақстандық жолы» шикізаттықа тәуелділіктен кетуге негізделген

Strategy 2050.kz АА «Мадьяр Немзет» (Мажарстан) күнделікті газетінің шетелдік бөлімінің жетекшісі, танымал журналист пен саясаттанушы, ТМД елдері бойынша маман, пікірталас клубының мүшесі Валдай Габор Штир және Мажарстандағы ҚР елшісі Нұрбах Рустемовпен болған сұхбатты жариялайды.
Әлемде27 Қаңтар , 17:56

Мемлекеттердің көбісі мұнайдың игілігін ғана емес оның қарғыс бола алатындығын да өз басынан кешті. Осымен Қазақстан да басқа экспорттаушылармен қатар «қара алтын» бағасының құлдырауына орай дағдарысқа қарсы шаралар енгізуде. Аталмыш проблемаға қолданылатын Қазақстанның рецепті басқа елдерінің шараларынан айырмашылығы қандай?

Қазақстан экономикалық қиыншылықты еңсеруден жеткілікті тәжірибе жинақтаған. Елбасының тапсырмасына сәйкес мұнай бағасының одан әрі төмендеуге қарсы "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әзірленіп, жүзеге асыруда. Оған қоса индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы басталды. Инновациялық индустрия шеңберінде құрылатын экономиканың жаңа секторлары экономика дамуының қозғаушы күшіне айналды. Яғни «қазақстандық рецепт» шикізат тәуелділігінен арылу болып табылады.

Дағдарыс реформалардың ілгерілетуін ынталандырады және қазіргі уақыттағы мемлекеттік компанияларын жекешелендіру сияқты шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Қазақстандық компанияларға қаншалықты мүдделілік танытуда?

Елбасының тапсырмасына сәйкес Үкімет әзірлеп отырған жаңа Жекешелендіру бағдарламасы жеті мыңнан астам мемлекеттік компанияларды қамтиды. Олардың ішіне кіретін Самырұқ-Қазына, Бәйтерек және КазАгро сияқты ірі холдингтің жекешелендіруі лайық нарықтық бағасының негізінде, ашық және бәсекелік түрде өтеді. Бұл үдерістің маңызды элементтері компания акцияларын биржалар мен ашық саудаласуға шығару болып табылады. Шет елдердің инвесторлары жекешелендіруге қатысу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасалады.

Әдетте дағдарыс саяси тұрақтылықты әлсіретеді. Оны былтырғыдай өткізген президенттік сайлау арқылы, ал қазір кезектен тыс парламенттік сайлау жолымен болдырмауға болады ма?

Депутаттар 100 нақты қадам бағдарламасының жүзеге асыруына және елде экономикалық жағдайдың шиеленісуіне сүйене отырып, 13 қаңтарда Парламенті Мәжілісі депутаттарының мандатын тоқтатып, кезектен тыс сайлауын тағайындауға Елбасы атына өтініш білдіріп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес аталмыш сайлау 20 наурызға тағайындалды. Бұл қадам ұзақ мерзімді келешекке негізделген одан әрі тиімді саяси жүйені қалыптастыруды көздейді. Бұдан басқа, осы сайлау экономикалық қиыншылықтар кезінде ұлттық шоғырландыруға тірек болып, Қазақстанды жаңа даму межеге шығаруға қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Әлеуметтік тұрақтылықты сақтап алу маңызды мәселе. Оның әлсіреуі исламдық радикализмге алып келу мүмкін. Аталмыш бағытта үкімет қандай шара қолданады?

Соңғы он жылдарының ішінде әлеуметтік саласына жұмсалған мемлекеттік шығындар нақты көріністе үш есе артты. Мемлекет бір жарым миллион азаматты жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Н.Назарбаевтың биылғы жолдауында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 28 пайызға денсаулық, 29 пайызға білім беру 40 пайызға әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі және оның тапсырмасына сәйкес жаңа 2020 жұмыстылық жол картасы әзірленді. Яғни, әлеуметтік саясатында мемлекеттің басымдылығы адам капиталын дамытуына инвестиция жасалады.

Қазақстан өз мақсатының ішінде 2050 жылға дейін 30 дамыған елдерінің қатарына кіретіндігі атап өтеді. Оны қазіргі дағдарыс аясында қаншалықты жүзеге асыруға болады? Бұны өмір түгелдеу өзгертіп тастайды деп Сіз қалай ойлайсыз?

Екі жыл бұрын Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев жиырма бірінші ғасырдың ортасына дейін 30 ең дамыған мемлекеттер қатарына кіруге бағытталған «Қазақстан 2050» бағдарламаны жариялады. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда елеулі нәтижелерге жетті. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 42 орында, қолайлы бизнес ортаны құруда 41 орында, оған қоса ДСҰ толық құқылы мүшелігінің иесі. Сұрағыңызға экономикалық дағдарыс қауіп-қатер ғана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерді білдіреді деп жауап берер едім.

Қиындықты бірігіп жеңіп алу оңай. Бұл ұлттық және аймақтық деңгейге жатады. Ал, қазіргі жағдай ЕЭО-ның ішіндегі интеграцияны ынталандырады ма, әлде баяулатады ма?

ЕЭО-ның ішкі нарығын кеңейтіп, оның реттеуін тиімді қылады және кәсіпорындарға аман қалуға ғана емес, сонымен бірге қазіргі шарттар жанында дамуға көмектеседі. Оның бәрі сауда бөгеттерін алып тастау, тауарлардың еркін қозғалысы мен бірыңғай нарық қызметін құру арқылы жүзеге асырылады. ЕЭО интеграциялық үдерістерді одақ шеңберінде ынталандырады және қазіргі экономикалық дағдарысының жағымсыз салдарын ықшамдауға мүмкіндік туғызады деп ойлаймыз. БҰҰ департаментінің пікірінше экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде бұл альянс барша қатысушы-елдері үшін сауда және инвестиция жүргізуге жаңа мүмкіндік береді.

Дағдарыс Қазақстан-Мажарстан экономикалық қарым-қатынастарының мүмкіндіктерін тарылтады. Оны болдырмауға қалай болады?

Мажарстан біздің маңызды сауда-экономикалық серіктесіміз. Елдеріміз арасында Қазақстан-Мажарстан Стратегиялық кеңес, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкімет аралық комиссия, Іскерлік кеңес, сондай-ақ Қазақстан Мажарстан ауыл шаруашылығы тікелей инвестициялар бірлескен қоры жұмыс атқаруда. Экономикалық ынтымақтастық, Өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру, қосарланған салық салуды болдырмау үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Біз мажар кәсіпорын иелеріне жекешелендіру үдерісіне қатысуды, сондай-ақ Қазақстанда бірлескен кәсіп орындарды құруды ұсынамыз. Бұл екі елдің арасындағы өзара тауар айналымының көлемін арттыруға көмектеседі.




Яндекс.Метрика