Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Щучинскте қуаттылығы тәулігіне 60 тонна болатын май зауыты ашылды (ФОТО)

Облыс әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданына барған жұмыс сапарында Щучинск қаласындағы май дайындайтын зауытқа барды, нысанда тәулігіне 60 тонна май өндіріледі.
Ақмола 27 Қаңтар, 19:34

Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, «Бота» ЖШС тәулігіне 200 тонна май дақылдарын әзірлеп, жоғарысапалы май дайындайды. Зауыттың ашылуы 25 адамды жұмыспен қамтыды.

Нысанға барған облыс әкімі Мемлекет басшысы ауылдағы шағын бизнесті дамыту міндетін жүктегендігін айтып өтті.

«Аталмыш кәсіпкерлік 25 тұрақты жұмыспен адамдарды қамтыды. Ең бастысы нысанда отандық өнім өндіреді», - деді С.Кулагин.

 





Яндекс.Метрика