Парламент

ҚР ОСК-да депутаттардың сайлауын өткізу дайындығы баяндалды

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі болды.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:32

Кеңесте ҚР ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы қызметі қаралды.Ортсайлауком мүшелері жетекшілік ететін мәселелері мен бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

Б.Мелдешевтің айтуынша, аптаның соңына дейін облыстардағы типография жұмыстары аяқталды. Олар сайлау бюллетеньдерін басып шығарады.

«Сайлау науқаны басталған кезеңнен бері ҚР ОСК мәслихаттар депутаттарын сайлауды тағайындау, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту, сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері қызметтерінің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.Қазіргі уақытта барлық өңірлерде сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарларды жариялау аяқталды», - деді ол.




Яндекс.Метрика