Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жас мемлекеттік қызметкерлер Мемлекет басшысының саясатын толық ұстанатындарын айтты

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Н.Назарбаветың тиімді мемлекеттік саясаттың моделі» атты мемлекеттік форумға қатысқан жас мемлекеттік қызметкерлер Мемлекет басшысының саясатын ұстанатындықтарын айтып өтті. Сондай-ақ, бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» сапалы іске асуына күш салатындықтарын айтып өтті.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:19

«Бүгінгі шара- Елбасыға деген алғысты білдіреді. Форумға қатысушылар болашақта алға қойған барлық міндеттерді орындап, Мемлекет басшының қарауында мемлекеттік қызметке әсерлі модель беруге еңбектенеді»,-деп мемлекеттік қызмет істерінің министрі Талғат Донақов айтып өтті.

Министрдің айтуы бойынша мемлекетіміз даму жолында. Оған дәлел ретінде 5 институционалды реформаның іске асуы.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Н.Назарбаветың тиімді мемлекеттік саясаттың моделі»  атты мемлекеттік форумы өткізілді. Бұл форум ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ұйымдастырылды.

Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ісінің үздігі» атты төс белгімен марапатталған қызметкерлер қатысты.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика