Парламент

Т.Охлопкова: ШЫҰ, ЕКПА, ТЕЫК ҚР-дағы сайлауға бақылаушы үміткерлерді таңдауда

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі ҚР-дағы сайлауға бақылаушы болатын үміткерлерді таңдауда, деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова ОСК-дағы кеңесте.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:07

«ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов 18 мемлекеттің сайлау комисияларының 1-ші басшыларына шақыру жіберген. Ал еліміздің Сыртқы істер министрі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар осы ұйымдардың аясында 112 мемлекетке шақыру жөнелтті», - деді Т.Охлопкова.

Ол атап өткендей, бүгінде шетелдік мемлекеттердің бақылаушылары тек сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тіркеледі.

«Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушылары Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ғана аккредиттеледі. Дегенмен, қазірдің өзінде бірқатар халықаралық ұйым еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сайлауға қатысатындықтарын ауызша қуаттады. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар»,- деді ол.

Т.Охлопкова айтып өткендей, ҚР СІМ аккредиттелген БАҚ өкілдерінің тізімін ұсынды. Бұл тізімде 98 БАҚ өкілі бар.

Ботагөз  Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика