Халықаралық интеграция

Қазақстан дағдарыстан ілгері келеді – венгерлік «Мадьяр Немзет» газеті

Мұнай бағасының бірден құлауы тек экономикалық қана емес, посткеңестік кеңістіктегі елдерде саяси тұрақсыздануға да алып келуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін Қазақстан бюджетті оңтайландырып қана қоймай, реформа мен сайлауды өткізуді қолға алды. Өткен жылы президенттік болса, осы жылы –парламенттік. Бұл туралы венгерлік «Мадьяр Немзет» газетінің «Астана дағдарыстан ілгері кетті» мақаласында айтылған.
Әлемде27 Қаңтар , 16:04

Мақалада Қазақстан ширек ғасырда өте күрделі жолды кешіп өтті. 17 млн адамы бар елдің көлемі әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін ел өте төмен көрсеткіштен бастады, ал қазір бәсекеге қабілетті, гүлденген ел.

«ЖІӨ 20 есеге ұлғайды, халық басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Мақсат – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2010-2014 жылдар аралығында ішкі өнім орташа есеппен 5,7 пайызға өсті. Шағын және орта бизнес нығая бастады. 43 пайызға халық табысы ұлғайды. 64 пайызға орташа жалақы өсті»,- делінген мақалада.

Мақалада сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең тұрақты ел ретінде екінші жыл қатарынан экономикалық дағдарыс құрсауында болса да тұрақтылықты сақтап тұрғаны көрсетілген.

«Экономикалық өсім көрсеткіші 4,3 пайызға төмендеді, өткен жылы бір пайыз еді, өткен жылы тұтыну заттары 15 пайызға көтерілсе, оның алдындағы жылы 7,4 пайызды құраған болатын.

Теңге бағамының өзгеруі инфляциямен тығыз байланыстырады. «Елдің орталық банкі 2015 жылдың 20 тамызында теңгені еркін айналымға жібері шешімін қабылдады. Ол кезде бағам 180 болса, қазір 350-ге жетіп отыр. Өзгерген экономикалық жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев елде «100 қадам» жоспарын енгізді, ол бойынша 59 заң өз ісіне кірісті.

«Осы шараларға сәйкес, билік саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына аса мән береді. Әлеуметтік қысымды оңалтып, алдын алу  үшін президенттік сайлау мерзімінен бұрын өткізілді. Осы жылы парламенттік сайлау өтпек. Осыған орай, Елбасы халықты бірлікте болуға шақырды», - делінген хабарламада.

Авторлардың айтуынша, мұнайға бағаның құлдырауы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне әсер етті. Әзірбайжандық манат та өз құнын жоғалтып алды. Көрсетілген аймақтар ішінде ең көп мөлшерде құлдырағаны манат.

 




Яндекс.Метрика