Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада Елбасының мемлекеттік саясаттың тиімді үлгісін қалыптастырудағы тарихи рөлі талқылануда (ФОТО)

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді мемлекеттік саясатының моделі» мемлекеттік қызметшілер форумы өтіп жатыр.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 15:26

«Біздің еліміздің тәуелсіз, табысты дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптасуы Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Әлемдік деңгейдегі түрлі пікірталас алаңдарында Президенттің саяси бастамалары, бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жан-жақты талқыланып, жоғары бағасын алып жүр. Бұл бастамалар Қазақстанның дамудың жоғары даму стандарттарына қол жеткізуіне ықпал етеді. Бүгінгі форум Ұлт көшбасшысының мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастырудағы тарихи рөлін және феноменін талқылауға арналған», - деді форумды ашқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов. 

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді мемлекеттік саясатының моделі» мемлекеттік қызметшілер форумын ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Форумға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегерлері шақырылған.





Яндекс.Метрика