Білім беру

ҚР Қорғаныс министрлігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери іс-шараларды жария ететін журналистерді даярлау саласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 20:27

 «Әскери журналистерді дайындау» – уақыт талабы. Журналистерге бейбіт жағдайда ғана емес, экстремалды, жауынгерлік жағдайда да жұмыс жасай білуді үйрену қажет», – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров.

Меморандумның негізгі бағыты – еңбек нарығында сұранысқа ие әскери журналистика саласында мамандарды даярлау және әскери журналистерді даярлау жөніндегі бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Бұдан басқа, құжат білім мен ғылым саласында тиімді ынтымақтастықтың құқықтық негізі, зерттеу жұмыстарын, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда негіз болмақ.

Сонымен қатар меморандум қорғаныс ведомствосы және жоғары оқу орны өкілдерінің білім беру деңгейі мен ғылыми біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсетуге ықпал етеді. Меморандумға қол қою шеңберінде алғашқы іс-шара жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттері алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинарына қатысады.  

Үш күн ішінде әскери қызметші нұсқаушылар теориялық және практикалық сабақтарда болашақ журналистерді қарулы қақтығыс аймақтарында жұмыс жасау негіздері мен әскери іс-қимылдарды жария етуді үйретеді.

 





Яндекс.Метрика