Парламент

Б.Мелдешов: Өңірлердегі азаматтар мәслихатқа үміткерлерді ұсыну мәліметтеріне қызығушылық танытып жатыр

Өңірлердегі азаматтар мәслихатқа үміткерлерді ұсыну мәліметтеріне қызығушылық танытып жатыр. Осы аптада бірінші үміткерлердің тізімін де біліуіміз мүмкін, деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 15:02

- Бақыт Сәрсенбайұлы, Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін қабылдағалы бір апта өтті. ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына бекітілді.ОСК сайлау науқанының күнтізбелік шараларын дайындады. Осы 7 күннің қорытындысы бойынша қандай шаралар жүзеге асырылды?

- Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу шешімі шыққан соң ОСК бірқатар қаулы қабылдады, оның ішінде сайлау науқаны уақытында жүргізілетін күнтізбелік шаралар да бар.

ОСК сайлаушыларға арналған Үндеуді де жариялады, біз онда 27 қаңтардан бастап барлық деңгейлі БАҚ-та сайлау учаскелерінің сайлау шекарасы бекітілетін айтқан болатынбыз.Бүгінгі күні бұл жұмыс аяқталды.

Сондай-ақ, ОСК күнтізбелік жоспарында сайлау кампанияларының  мәслихатқа үміткер ұсыну мен тізімді қорытындылауға дейінгі кезеңді анықтап бердік.

25 қаңтарда біз барлық облыстық өңірлік комиссия мен мемлекеттік органдар, сайлауға қатысушы органдардың қатысуымен семинар кеңес өткіздік. Сайлаудағы үрдістер ҚР Конституциясының нормаларына сай өткізіледі.

Бұл жиынның қорытындысы бойынша шараға қатысушылар барлық деңгейлі сайлау комиссияларында  осы сынды семинар өткізу шешімін қабылдады.

- Белгілі болғандай, қазір барлық деңгейлі мәслихаттарға үміткерлерді ұсыну үрдісі жүруде. ОСК  алғашқы үміткерлерді біле ме?

-  Қазір ұсынылған үміткерлер туралы ешқандай мәлімет жоқ, бірақ өңірлерден азаматтардың үміткерлерді қалай ұсыну керектігі жайлы мәліметтерді білу сұранысы байқалып отыр.

Конституциялық заңнама үміткерлікке қажет құжаттар мен өту кезеңдерін көрсеткен. Олардың мұқабасы мен үлгілері қажетті сайлау орындарына жіберілді.

Комиссия мүшесі қазіргі таңда түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Сайлау комиссияларының міндеті – мәслихат депутаттарына үміткер адамдарды қабылдау. Кандидаттарды ұсыну 19 ақпанда аяқталады. Ал оларды тіркеу 2016 жлдың 23 ақпанында аяқталады.

- Алғашқы шетелдік бақылаушылар мәлім болды ма?

- Шетелдік бақылаушылар туралы ақпаратты ОСК жақын арада жариялайды.

- Сіз Қазақстан азаматы ретінде жаңарған Мәжіліс құрамына кімдер келу керек деп есептейсіз?

- Парламент  - елдің жоғары заң шығарушы органы. Оның құрамында жоғарыбілікті, білгір мамандар болуы керек. Қазір ел алында тұрған мақсаттарды  шеше алатын мамандар керек.

- Сұхбатыңғызға рақмет.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика