Парламент

И.Велизаде: Парламенттің жаңаруы сапалы сипатқа ие

Электоральді үрдіске дайындық тыныш әрі біркелкі өтуде. Бұл сайлауға жаңа қазақстандық ұрпақтың өкілдері қатысатындығы мәлім. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында танымал әзірбайжан саясаттанушысы, «Оңтүстік Кавказ» саяси клубының жетекшісі Ильгар Велизаде айтты.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 15:49

«Меніңше, Қазақстанда парламенттік сайлауға дайындық дағдарысқа қарсы шаралар кешеніне сәйкес жүргізіліп жатыр. Аталмыш шараны өткізуге дайындықтың  маңызы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауын бірге өткізу фактісі жатыр», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанда депутаттық корпусқа үміткерлердің барлығына бірдей жағдай жасалған.

«Жалпы, электоральді үрдіске дайындық  тыныш әрі біркелкі өтуде. Бұл сайлауға жаңа қазақстандық ұрпақтың өкілдері қатысатындығы мәлім. Осы орайда сайлау үрдісі өте белсенді өтетіндігін күтуге болады. Парламенттің жаңа құрамы дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға бейім болуы керек», - деді әзірбайжандық сарапшы.

Индира Кауметова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика