Парламент

М.Өтеубаев: ҚР Президентінің қарашадағы Жолдауы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру Қазақстанға экономиканы нығайтып қана қоймай, әлемдік аренада өзін таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ресейлік жаратылыстану академиясының профессоры, тарих ғылымының кандидаты Марат Өтеубаев Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 15:34

«Президенттік Жолдау  әлеуметтік жарқын көрініс. Мемлекет барлық әлеуметтік міндетті орындайтын болады. Жаңа әлеуметтік саясат аясында Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарында азаматтық  қызметкерлердің еңбекақысы жаңа модель арқылы бағаланады. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне  - 28 пайыз, білім беру – 29 пайыз, әлеуметтік қорғау-40 пайыз, жәрдемақылар мен шәкіртақы – 25 пайызға, меморган қызметкерлерінің жалақысы – 30 пайызға көтеріледі. Бұл мақсаттарға мемлекет 417 млрд теңге бағыттады.

Президент Жолдауын оқи отырып, мен оның қарапайым қазақстандықтардың жағдайын түсіне біліуіне қайран қалдым.

Елбасының Жолдауы әрбір адамға  елдің болашағын қарапайым тілмен түсіндіруді білдіреді. Өз Жолдауында ол «біз Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асырып жатырмыз. Жолдау нақты, дұрыс әрі орынды болып шықты. Халыққа арналған кезеңді бағдарлама көрсетілген», - деді ол.

Оның айтуынша, Көшбасшы қойған тапсырмаларды орындау арқылы біз әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіре аламыз.

«Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру Қазақстанға экономиканы нығайтып қана қоймай, әлемдік аренада өзін таныстыруға мүмкіндік береді. Діттеген мақсатқа әрбір қазақстандық  өзінің үлесін қосу арқылы жете алады», - деді ол.

Индира Кауметова

Сурет жеке мұрағатынан алынды 





Яндекс.Метрика