Өңірлер

2015 жылы Қазақстанда құрылыс жұмысының көлемі 2,9 млн теңгені құрады

Қазақстанда 2015 жылы 8,9 млн шаршы метрден астам баспана тапсырылды. Қазақстанның құрылысы бойынша жалпы көлем і 2015 жылы 2,9 млн теңгені құрады, деп Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының директоры Аслан Түкиев ОКҚ баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы27 Қаңтар , 14:16

«Құрылыс жұмысының жалпы көлемі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн 900 млрд теңгені құрады, бұл 20104 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Ол кездері 2 трлн 700 млрд теңге болды. Ал Астана бойынша-472 млрд, Атырауда-384 млрд, Алматыда-277 млрд теңге»,-деді ол.

Оның айтуынша, 2015 жылы пайдалануға 39 мың бірліктен астам түрлі нысаналар берілді. Өткен жылғымен салыстырғанда өсім 19%-ды құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 33 мың бірлікке қарсы келді. Олардың ішінде 82 %-ы тұрғын үй болды. Нақты бағасы 835 млрд теңгені құрады.

«2015 жылы пайдалоануға 8 млн 939 мың шаршы метр баспана берілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 19 %-ға жоғары»,-деді А.Түкиев.

 




Яндекс.Метрика