Өңірлер

ОҚО-да су арналарын жөндеу негізінде суармалы жер көлемі ұлғаяды

Отырар ауданы 2016 жылдағы негізгі жұмыстарды аймақтағы ұзындығы 145 шақырымды құрайтын су арналарын жөндеу ісіне арнамақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область28 Қаңтар , 08:56

Атап айтсақ, жергілікті әкімдік жыл барысында аудандағы 32 шақырымдық 4 каналды күрделі жөндеуден, 113 шақырымдық 11 каналды ағымдағы жөндеуден өткізетін болады. Арналарды қалыпқа келтірудің нәтижесінде, 1 мың гектардан астам жер жаңадан айналымға қосылып, 4,2 мың гектардан астам жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсармақ.

 Биыл құрылыс саласында да бірқатар жұмыстар жүзеге аспақ. Аудандағы Мыңшұқыр елді мекеніндегі үш қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы бітіп, пайдалануға берілсе, аталған ауылдағы «Әл-Фараби» шағын ауданының инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысы бітіп, ел игілігіне жұмыс істейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, осы жылы Отырардағы 14 елді мекенді дамыту және бас жоспарын әзірлеуге 20 млн. теңге қаралып, Темір ауылында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, 2016 жылы Отырар ауданындағы Шәуілдір және Темір елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүзеге асырылмақ. Сонымен бірге, осы жылы аудан орталығындағы саябақтар мен көше бойларына 10 дана бейне бақылау орнатылмақ.




Яндекс.Метрика