Өңірлер

Қызылорда облысында 2015 жылы 465664 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қызылорда облысында жалпы алаңы 465664 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда27 Қаңтар , 17:41

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 23524 млн. теңге салынды. Инвестицияның жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 9,9%-ды құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Шиелі (22,4%-ға), Жаңақорған (5,2%-ға) және Арал (0,9%-ға) аудандарында, сонымен қатар Қызылорда қаласында (2,2 есеге) байқалды. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (67,0%) тиесілі.

 

 




Яндекс.Метрика