Парламент

О.Әбдікарімов: Мәжіліс пен мәслихатта өтетін мерзімінен бұрын сайлау Қазақстан халқының бірлігін нығайта түседі (ВИДЕО)

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарда өтетін мерзімінен бұрын сайлау Қазақстан халқының бірлігін нығайта түседі, деп Мемлекеттік әлеуметтік қайраткер Оралбай Әбдікарімов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 15:18

«Жыл сайынғы Президенттің Жолдауында халық бірлігін нығайту міндетін қойды. Бұл біздің болашағымыздың басты негізі. Қазақстан Халқы Ассамблеясыда бұл бағыт бойынша жұмыс атқаруда. ҚР Паралмент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарда өтетін сайлау- бірлікке септігін тигізу керек. Партиялардың кез келген бағдарламаларында Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша идеялар болу керек»,-деді О. Абдыкаримов.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату мен Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау бойынша жарлығында «әлемнің жаңашылдығы басталуда» деп атап өтті.

«Бүгінгі қиын күндері экономикалық қорларды, жұмыс орындарды сақтап қалуға тырысуымыз керек. Үкімет пен ҚР Паралемнтіне бірігіп жұмыс атқару керек. Сол себепті барлығы бірігіп, бір-біріне көмек қолын созу керек. Қазіргі куні әрбір азаматтың паториоттық сезімі тексерілуде»,-деді Мемлекет басшысы.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика