Өңірлер

Астанада 2016 жылы 5 мың жалға беру пәтерін пайдалануға беру жоспарлануда

Астанада 2016 жылы 5 мың жалға беру пәтерін немесе 410 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарлануда, деді Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун ОКҚ-да.
Астана қаласы27 Қаңтар , 13:14

«2014 жылы 288 мың шаршы метр баспана енгізілді, өткен жылы 342 мың шаршы метр баспана енгізілсе, осы жылы 410 мың баспана енгізу қарастырылған. Бұл 5 мың пәтерге тең», - деді ол.

Әкімнің орынбасары айтқандай, жалға беру пәтерін арнайы комиссия тексереді. Оған қоғамдық ұйым мен мемлекеттік құрылымдар енеді.

«Бүгінде пәтерді бөлу үрдісіне қатысты ешқандай арыз түскен жоқ», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика