Парламент

А.Башмаков: Ұлт жоспары – әлемдегі экономикалық жағдай мен сынақтарға қарсы жауап

Елбасы Тәуелсіздігіміздің басынан бастап, саяси ойындарға араласпауымызды айтқан болатын. Яғни, «алдымен – экономика, кейін-саясат», деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚХА кафедрасының меңгерушісі Парламент Сенатының IV-V шақырылымының депутаты Анатолий Башмаков Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 14:32

 « «Нұрлы жол» ғана емес, Ұлт жоспары  «100 нақты қадам» да біздің елмен қатар бүкіл өркениетке әсер етіп отырған қазіргі экономикалық жағдайға жауап болды. Бұл белгілі жағдай себебі, Қазақстан барлық әлемнен дербес өмір сүре алмайды.Елбасы Н.Назарбаевта осы сынды оқиғаларды алдын ала сезіп, шара қолдануы дарыған қасиет. «Нұрлы жол» - сынақтарға жауап. Сондай-ақ, бұл Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың амалы. Аталмыш бағдарламаның  ұқсас құжаты жоқ, себебі ол кешенді болып отыр. Оның негізінде экономикалық қайта құрылу да тұр.  Олар руханилық пен мәдениет мәселелерімен органискалық байланыста болады. Бұл «Білікті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Біртұтастық пен бірлік» , «Есепті мемлекет құру». Бұл жерде ең маңыздысы қай бағыт десеңіздер, «Біртұтастық пен бірлік» деп айтар едім. Себебі бірліксіз қуатты экономика, гүлденген мемлекет құру мүмкін емес. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев барлық баяндамаларының басы мен соңында біз ең бастысы бірлікті нығайтып, қоғамның біріктіруі туралы айтады.«Барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжіліс сайлауын бір мезгілде өткізу ұсынысын қолдаймын. Себебі, нәтижесінде қомақты қаржы үнемделеді . Ал ең бастысы саяси науқанды ерте өткізу арқылы біздің қоғам әлеуметтік тұрғыда беки түседі. Сондай-ақ, саяси аспектіні көрудемін, яғни бұл өз жолында   қоғамымыздың әлеуметтік бірігуі болып келеді», - деді А.Башмаков.

Оның айтуынша, Қазақстанда ҚР Конституциясының нормалары сақталады. Біз үшін басты құндылық ол адамның құқығы мен еркіндігі.

 «Елбасы  Тәуелсіздігіміздің басынан бастап, саяси ойындарға араласпауымызды айтқан болатын. Яғни, «алдымен – экономика, кейін-саясат». Бұл әлемнің бірқатар елдерінде мемлекеттік құрылым бойынша енген болатын. Метафизикалық түсінік бойынша біздің Президент үшін экономика – құрал, әдіс. Елбасы үшін ең басты құндылық ол – адам болып қалмақ. Сол үшін де есепті мемлекет қызмет етуі керек. Бұл жерде заң әділдігіне көңіл аударылады», - деді ол.

Индира Кауметова 

Фото: thenews.kz





Яндекс.Метрика