Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында 430 нысан саудаға шығарылды

Қазақстанда жекешелендіру аясында 430 нысан саудаға шығарылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қаңтар , 20:08

2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 834 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады.

2016 жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 430 объекті шығарылды, оның ішінде 243 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 118, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке    5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

 

 

 




Яндекс.Метрика