Қалаларға шоғырлану

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша 343 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Астанада қанатқақты жоба аясында апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына 1762 пәтер тегін берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун айтты.
Астана қаласы27 Қаңтар , 12:34

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 343 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде қанатқақты жоба аясында 151 мың шаршы метр апаттық жағдайдағы үй бұзылды. Жалпы, осы жоба жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері бұзылған апаттық үйлердің тұрғындарына 1762 пәтер тегін берілді. 62 ескі көпқабатты тұрғын үй жойылды. Кестеге сәйкес 2017 жылдың екінші жартыжылдығында бұл бағдарламаның бірінші кезеңі толығымен аяқталады», - деп баяндады С.Хорошун.

Астана қаласы әкімінің орынбасары өз сөзінде өнеркәсіп нысандарының құрылысына да тоқталып өтті. 2015 жылы елорданың индустриялық паркінде 27 өнеркәсіптік нысан салынған. Осы жұмыстың нәтижесінде 2735 жұмыс орны ашылыпты.

 

 




Яндекс.Метрика