Парламент

В.Редкокашин: Сайлауға дайындық жұмыстары жақсы өтуде

Сайлауға қатысатын барлық партиялар дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, «Нұр Отан» партиясы өздерінің съезін 29 қаңтарда өткізеді. Бұл жөнінде ҚР Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин Stratrgy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 13:19

«Біріншіден, мәжілісмендердің атқарған жұмыстарын айтып өту керек. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта бірталай айтты. Мәжіліс аз уақыт ішінде заңнамаларды қабылдап, алдағы қиын кезеңдерде олардың жол көрсетуге септігін тигізетіндігін айтып өткен болатын Елбасы. Бұл шынымен өте маңызды, өйткені бірталай жұмыстар іске асырылды. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» президенттік стратегияны іске асыру жолында 80-нен астам заңдар қабылданды.Мәжілістің тарауы-заңға сәйкес үрдіс. Өйткені алдағы қиын жағдайларжа басқаша көзқараспен қарайтын  жаңа адамдар қажет»,-деді В. Редкокашин.

Депутаттың ойынша, ҚР Парламент Сенаты алдарына қойған міндетті ойдағыдай орындайды.

«Бүгін Парламент жоғары палатаға ұсынылған. Бұл дұрыс жағдай. Бұл бұрындары да болған. Сенат мерзімінен бұрын сайлау өткен кездері екі рет қысқа уақытқа жалғыз палата болған. Ол кездері Сенат өз жұмыстарын жоғары дәрежеде орындады. Заңдармен жұмыс жасау тұрақты және күнделікті болып отыр. Ендігі күні құжаттарды қарауға ерекше көңіл бөлетін боламыз. Ендігі күні Мәжілістің құрамын анықтамайынша, бұл жұмыстар «филтірсіз» Сенатта қарастырылады. Айтайын дегенім, Мәжіліс кезінде де барлық құжаттарды мұқият қарап, бейінді комиттетреде, жұмыс орындарында жұмыстар жасап, қате табылған кезде қайтадан толықтыруға жіберіп отырдық»,-деді сенатор.

«Сайлауға дайындық жұмыстары жақсы өтуде. Әлі сайлау алды жұмыстар басталған жоқ. Сайлауға қатысатын барлық партиялар өз жұмыстарын атқаруда. Мысалы , «Нұр Отан» партиясын өзінің съезін 29 қаңтарда өткізеді, және басқа да партиялар өз съездерін дайындау үстінде. Жалпы, сайлау науқанына жұмыстар қарқынды жүріп жатыр деп айта аламын»,-деді ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Индира Қауметова

Фото: vlast.kz сайтынан





Дерекнама

Яндекс.Метрика