Инновациялар

Қазақстанның Қарулы Күштерін жаңа полигондық қондырғымен жабдықтады (ФОТО)

Жаңа полигондық жабдық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің пайдаланылуына берілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 27 Қаңтар, 14:47

Оқ ату жабдығының жиынтықтары, роталық тактикалық жиынтықтар, танкті директрисалар, БТР директрисалары – мұның барлығын «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ  - «НК «Қазақстан инжиниринг» АҚ отандық еншілес кәсіпорны 2015 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін игерді.

  Полигондық құрылғы кез келген ауа райы жағдайында қозғалмалы, бұрылмалы, көтерілмелі радиобасқарылатын нысаналарды жылдам және дәлме-дәл жоюға әскери қызметшілерді оқыту үшін дайындалмаған жерде нысаналық жағдай жасау үшін арналған.  Бір сөзбен айтқанда, ол автоматты режімде нысаналардың көрсетілімін, жарық беретін елестеткіш құралдарының көмегімен түнгі уақытта қарсыластың оқ атуының елестетілуін, түтінді және дыбыстық елестетуді қамтамасыз етеді.

  Нысаналық құрылғылардың жай-күйі мен жойылған нысаналар туралы ақпаратты шығаруға мүмкіндік береді. Өзара электр магниттік ықпал етусіз полигондық жабдықтың 4 жиынтығы бір уақытта қызмет көрсете алады. Өндіруші зауытта айтып өткендей, қазақстандық өндірістің полигондық жабдығы пайдалануда ұтқыр, функционалды, қарапайым және берік болып келеді. Жоғары деңгейдегі сапалығының арқасында шетел өндірушілерінің баламасынан кем түспейді.


 





Яндекс.Метрика