Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Қазтеміртранс» АҚ вагондары 92 млн. тонна жүк тасымалдады

«Қазтеміртранс» АҚ өндірістік және қаржы-экономикалық қызметтің 2015 жылғы қорытындысын шығарды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Казахстан27 Қаңтар , 19:18

Былтырғы жылы «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен 92 640 мың тонна жүк тасымалданған. Оның ішінде Қазақстан аумағында 83 706 мың тонна, ал өзге мемлекеттерге 8 934 тың тонна жүк жеткізілген.

2015 жылдың екінші жартысында өндірістік және қаржы көрсеткіштері өткен жылдарға қарағанда төмендеген. 2015 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда вагондарды тиеу көлемі 15 пайызға өскен болса, халықаралық тасымалдар көлемі 26 пайызға жоғарылаған. Вагондарға операторлық жасаудан түскен кіріс көлемі 14 пайызға өскен.

2015 жылы 13,5 мыңнан артық вагонға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жоспардың 106 пайызын құрайды. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығын 8 пайызға оңтайландырылған.

Бұдан басқа, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету статистикасы оң нәтиже көрсетуде. Мәселен, ақау көрсеткіші 27%-ға, пойыздардың кестеден кешігуі 50%-ға, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 33%-ға қысқарған.

Отандық тауар өндірісін қолдау мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ 2015 жылы жергілікті тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен  7 млрд. теңгеден астам сомаға келісім шарт жасасқан. Компанияның вагон паркі Қазақстанда жасалған 857 вагонмен толықты.

Анықтама: «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) – Қазақстан Республикасындағы жүк вагон паркінің ең ірі операторы.

Компания жүк вагондары операторының қызметін жүзеге асырып, оларды жөндеу, қайта жаңарту жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ көлік-экспедициялық қызметтер көрсетеді.

«ҚТТ» АҚ паркінде әртүрлі типтегі: жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерна, астық, цемент тасымалдаушы вагон, фитингті платформалар сияқты 58 мың жүк вагондары бар.

 




Яндекс.Метрика