Жаңа кадрлық саясат

Мемлекеттік қызмет агенттігі сыбайлас жемқорлық түсінігін этиканы сақтамау ұғымынан ажыратуды ұсынуда

Озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қылмыстық тәртіпте жазаланатын іс-әрекеттерді жатқызуды ұсынады. Тәртіптік сипатындағы бұзушылықтарды қолданыстағы санкцияларды сақтай отырып, этикалық теріс қылықтарға жатқызу ұсынылады, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Астана қаласы12 Қараша , 14:31

«Қазіргі уақытта адамдардың 80 пайызы (негізінен мемлекеттік қызметшілер) формальды белгілер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағандардың  деректер қорына енгізілген. Бұл ретте олар мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеуді жалғастырады. Мысалы, кірістер туралы декларацияны уақытында бермегендер немесе азаматтардың өтініштеріне мерзімді бұза отырып, жауап бермегендер», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға «этика бойынша кеңесші» енгізу жоспарлануда. Осы институттың негізі міндеті - этикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және қызметтік этика бойынша кеңес беру. 




Яндекс.Метрика