Ауыл шаруашылығын жаңғырту

«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері «Аграрлық несие корпорациясы» 915 жобаны қаржыландырды

«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жалпы сомасы 14 млрд. теңгеден асатын 915 жобаны қаржыландырды.
Казахстан14 Шілде , 00:00

Бүгінге дейін осы қаржыға шаруалар 77 мың бас ірі қара мал (ІҚМ) сатып алды. Бұл туралы аталмышкорпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

 «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат - шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру, ІҚМ өсіру нарығында бәсекелік пен инфрақұрылымды қалыптастыру.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелер: сыйақы мөлшері жылдық 6 %, аналық ІҚМ басын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге, бұқалар мен шаруашылықтың айналым қаражатын толтыру үшін несие 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

 Сонымен бірге, Корпорация 2012 жылдан бастап, еліміздегі 165 несие серіктестіктері арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие беруді жүзеге асыра бастады. Қазіргі күні осы жұмыстардың нәтижесінде несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 170 қарыз беріліп, жалпы сомасы 1 млрд. 198 млн. теңгеден аса қаржыға 5829 бас ІҚМ сатып алынды.

Ағымдағы жыл басталғаннан бері  (01.07.2013 жылғы мәлімет бойынша) корпорация 312 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 15 400 бас ІҚМ сатып алу үшін жалпы сомасы 2 млрд. 963 млн. теңгенің несиесін берді.




Яндекс.Метрика