Өңірлер

ОҚО-да КҚКО арқылы 68 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетілді

ОҚО әкімдігінің «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмысын бастаған төрт жылда 68 126 кәсіпкерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсеткен, деп хабарлады ОҚО.
Южно-Казахстанская область28 Қаңтар , 09:13

Оның ішінде 6043-і рұқсат құжаттарын алса, 22 877 азамат кәсіпкерлік мектебінен оқудан өткен. Сонымен қатар, жалпы сомасы 36 млрд. теңге болатын 2743 жобаның қаржыландырылуына қолдау білдірген. Ал 2015 жылы аталған ұйым 35 899 кәсіпкердің құжатын рәсімдеуге қызмет көрсетсе, 7 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік мектебін сәтті тәмәмдаған.

Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда қызмет көрсетудің саны артқандығын байқатады. Яғни орталық жылдан жылға жұмысын жүйелеп, қызмет көрсету сапасын арттыруда. 2016 жылдан бастап «Кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталығында» орта және шағын бизнес субъектілерін ақпараттық қолдау секторы жұмысын бастамақ.

Аталған сектордың басты мақсаты - аймақтағы кәсіпкерлердің имиджін қалыптастыруға бағытталып отыр. Яғни, жарнамалық және имидждік роликтер дайындау, фото/видео қызмет түрлері мен web – дизайн, сайт дизайнын әзірлеу және барлық әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу болып табылады.

 

 
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика