Парламент

Сайлауға дайындық уақытылы жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін қабылдағалы бір апта өтті.
Астана қаласы27 Қаңтар , 11:36

Сайлау алдындағы науқан, кешегі Жарлықты қабылдағаннан кейін басталды. Президент Парламент өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы ұсынысқа нақты түсінік берді. Депутаттардың бұл бастамасын қоғам жақсы қабылдап, нақты іс-шаралар баяндалды. 21 қаңтар күні Орталық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, ОСК 20 қаңтарда негізгі шаралардың күнтізбелік көрсеткіші бекітілді.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығын туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын саяси партияларға тиесілі, ал Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея кеңесінде сайланады.Кандидаттар партиялық тізім бойынша ұсынылып, партия съездерінде қалыптасады. Парияларға уақыт 8-ші ақпанға дейін берілді. Содан кейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, 20-шы ақпаннан бастап сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі»,-деді ол.

ҚР ОСК сайлау науқанының жүруі мен алдын ала шаралары бойынша басты ақпарат көзі болып отыр. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауына дайындығы туралы айтып берді.

«Қазір сайлау учаскелері мен сайлау округтерінің шекараларын анықтау  үрдісі жүруде.  Осы аптаның соңында ол аяқталады. Бұл ақпарды қандай БАҚ-та жариялау қажет деген сұрақ туындап жатады. Бұны заң қарастырмаған. Заң бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты өңдейді», - деді ол.

Ол атап өткендей, комиссия мүшелері сайлау науқанында толығуы мүмкін. Сондықтан күтудің қажеті жоқ. Жоғарыдағы сайлау комиссиясы аталмыш бос орынға  кеңесші дауыс беру құқығы бар адамды тағайындай алады», - деді ол.

«Заңнамаға сәйкес, саяси партиялар  кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерді  электоральді кампанияға  тағайындай алады.  Комиссия мүшелеріне айтқым келетін, кеңесші дауысқа ие адамды таңдағанда заң нормаларын сақтауға аса көңіл бөлулеріңізді сұраймын», - деді ол.

ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі. Қазақ халқы Ассамблеясында сайланатын ҚР Парламент Мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауы а.ж. 21 наурызында өтеді. Сондай ақ, ОСК 2016 жылдың 20 наурызға барлық деңгейдегі мәслихаттар депута

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауының үндесуіне орай В.Фоос «бұл сайлаулар біріккен бірінші электоральді кампания емес. Бірінші кезекте, бұл шығынды қысқартады. Егер барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, ешқандай апроблема туындамайды» деді ол.

Сондай-ақ, ОСК мәліметінше, Қазақстан бойынша сайлау учаскесі 9440 ал шетелде 65.

Қорытындысында ОСК Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын деп айтуға болады. 

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметін депутаттардың  бақылауына  барлық жағдайды  жасап жатыр, бұл қарапайым адамдарға қарсы қадам жасау, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстан Коммунситік халықтық партиясының  хатшысы Владислав Косарев.

«Сайлауға дайындық жоспарлы өтуде. Коммунистер осы сайлауға үлкен тәжірибе жинап бара жатыр. Депутаттық фракция қарапайым адамдардың қызығушылығын қорғайды. Біздің фракция әр түрлі сынақтардан халықты қорғайды. Қазір либералды нарықтық жүйе негізінен кету қажет», - деді ол.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның даму басымдылықтарын дұрыс анықтап берді. Мәселен, «Бірлік пен біртұтастық» тұжырымдамасы. Мен бұл құжатты алып, ең маңызды деген бөлімдерін белгіледім. Оқып болған соң барлығы нақты екенін ұғынып, белгіленгенін қарап шықтым. Себебі, бұл құжатта барлығы маңызды. Бұл үрдіс Елбасы депутаттарға мемлекеттік органдарды бақылауға барлық жағдайдың жасағандығын көрсетеді», - деді В.Косарев.

Сайлауға дайындық жұмыстары қатаң түрде ҚР заңнамаларына сәйкес жүргізілуде, деп Петропавл қаласының №9 сайлау окугінің төрағасы Серікбай Жүкенбаев Strategy2050.kz берген сұхбатында айтып өтті.

«Біздің сайлау округімізде 4 аумақ бар. Петропавл қ. мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары жоғары дәрежеде атқарылуда. Менің мамандығым заңгер, және барлық ережелерді жақсы білемін. Бізге  бөлме, адам, технология, байланыс берілді. Әкімшілікпен толықтай қарым-қатынас орнатылған»,-деді С.Жүкенбаев.

Оның айтуы бойынша, Петропавл қ. №9 сайлау округіне қала мәслихатында  депутатық орынға бірде бір үміткер тіркелген жоқ.  Алайда, бұрыңғы сайлаудың тәжірибесі көрсеткендей, бұл қарапайым тәжірибе. Кандидаттар өздерін сайлау алдында болатын агитациялардан кейін ұсынатын болады.

«2012 жылы болған сайлауда 5 кандидат үміткер болды. Кейінірек 3 кандидат сайлауға қатысуға бас тартты.  Соңында біздің сайлау округі бойынша қатысқан бір үміткер мәслихат құрамына өтті»,-деді С.Жүкенбаев.

Қазақстан Парламентінің жаңарған құрамы ҚР Президентімен ұсынылған  Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жедел түрде заңдарды қабылдайтын болады. Бұл жөнінде Olke.az ақпараттық-талдамалық порталдың бас редакторы Кавказ Омаров Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Менің ойымша, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатта өтетін мерзімнен бұрын сайлау экономиканың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені Парламенттің жаңарған құрамы Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында жедел түрде заңдарды қабылдайтын болады. Жаңа депутаттар өздерінің жаңа идеяларымен Үкіметке қосымша ынта бере алады»,-деді сарапшы.

«Менің ойымша,Президент Парламенттің мемлекеттік басқару жолындағы бағыты мен министрлерге бақылау жұмыстарын күшейтеді.  Егер дамыған елдердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, олар басқа түскен экономикалық дағдарыс, қиын жағдайлар кезінде болған мәселелерді бірлесіп шешкен. Дағдарыс күндері, әсіресе кез келген Үкіметке бірлесіп жасаған жұмыс тұрақтылық пен азаматтық келісімді алуға көмегін береді»,-деді К. Омаров.

 Қазақстандағы қазіргі электоральді үрдіске халықаралық ұйымдар  аса назар аударуы мүмкін. Жоғары деңгейде Қазақстан өзінің ашықтығын әлемдік қауымдастықта көрсете алатыны айтылған болатын. Сондықтан да барлық шетелдік бақылаушылар мен БАҚ өкілдері наурызда өтетін сайлауға заң бекіткен тәртіптер бойынша аккредиттеле алады. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауына дайындық уақытылы өтуде.

Данияр Қасымов
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика