Парламент

«Нұр Отан» партиясының XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі жарияланады

29 қаңтарда өтетін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі жарияланады, деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 11:09

«Партия көшбасшысы кезектен тыс сайлауды 29 қаңтарда өткізуге шақрды. Қазіргі күні еліміздің барлық өңірлеріндегі партия филиалдарында саяси кеңестер отырыстары болып өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы алдын ала талқыланып, съезд делегаттарының құрамы сайланған. Съез қарсаңында партияның Саяси Кеңесінің отырысы өтеді. Съезд алдындағы партияның Саяси Кеңесінің отырысында сайлау науқанына қатысу, Съезде қаралатын күн тәртібін бекіту мәселелері қаралады», - деді Ф.Қуанғанов.

Айта кетейік, съездің жұмысына 2 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Анар Тәңірқұлова 
 





Яндекс.Метрика