Өңірлер

Биыл Солтүстік Қазақстанда 8 футбол алаңы салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 8 футбол алаңын салу жоспарлануда, деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналин облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен отырыста.
Солтүстік Қазақстан27 Қаңтар , 19:51

«2016 жылы 8 футбол алаңын салу, 35 шағын футбол алаңы, оның ішінде 18 шағын футбол алаңын жасанды жабынды арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Петропавл қаласында 5 шағын футбол алаңы мен 3 тренажер кешенін салу қарастырылған», - деді ол.

Е.Сұлтанов аудан әкімдеріне әрбір жергілікті пунктте футбол алаңын құруды тапсырды.

«Футбол алаңы әрбір жергілікті пунктте болуы керек. Егер ауыл кішкентай болса  - шағын футбол алаңын қоюға болады. Балалар әрбір жергілікті пунктте бар. Олар спортпен айналысулары керек», - деді аймақ басшысы. 




Яндекс.Метрика