Білім беру

СҚО-да 2016 жылы 1263 мекетепке дейінгі орын ашу жоспарлануда

2016 жылы СҚО-да 1263 жаңа мектепке дейінгі орындар ашу жоспарлануда, деп облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен аймақ жиналысында СҚО білім басқармасының бастығы Шолпан Каринова айтып өтті.
Солтүстік Қазақстан27 Қаңтар , 11:52

Оның айтуынша, жыл басында аймақтағы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуді қамту 97% -ды құрайды. «2016 жылы 1263 мектепке дейінгі орындарды ашу жоспарлануда. Оның ішінде 975-і-Петропавл қаласында. 2017 жылы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2011-2020 жж. мектепке дейінгі білім беру және оқытумен қамтамасыз ету үшін 1500 жаңа мектепке дейінгі орындарды ашу жоспарланып отыр»,-деді Ш. Танатовна.

Әкімдіктің хабарлауынша, Е.Сұлтанов облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсеноваға Жол картасы бойынша мектепке дейінгі орындарды іске асыру жұмыстарын қарауды бұйырды. 
«Әр нысана бойынша қаржылық , құрылыс және пайдалану мәселесі қарастырылуда»,-деді аймақ басшысы. 




Яндекс.Метрика