Парламент

Ж.Ахметов: 2016 жылы реформалардың басталуы заңнамалық биліктен жедел бейімделуді талап етеді

2016 жылы реформалардың басталуы заңнамалық биліктен жедел бейімделуді талап етеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Петропавл қалалық мәслихатының «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Жасұлан Ахметов.
Солтүстік Қазақстан 27 Қаңтар, 11:04

«Бүгінде Елбасы экономиканың дамуы бойынша бірқатар мақсаттарды жүктеді, елге жаңа идеялы адамдар қажет. Мәжілістің жаңа құрамы энергеияға толы, білгір мамандардан құрылуы керек», - деді Ж.Ахметов.

Ол атап өткендей, 2016 жылы реформамалардың басталуы заңнамалық биліктен Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы саясатты жүзеге асыруда жеделділікті қажет етеді.

«Парламентшілердің жаңа корпусы жаңа идеялар мен әдістерді ұсынады, олар әлем мен Орталық Азиядағы жағдайға бейімделіп әрекет етеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика