Парламент

А.Маркова: Қостанай облысында Мәжіліс пен мәслихатта өтетін сайлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қостанай облысында тұрғындарға Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда 2016 жылдың 20 наурыз айында өтетін сайлау бойынша ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Қостанай облысының сайлау космиссиясының төрағасы Антонина Маркова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Қостанай 27 Қаңтар, 10:02

«Кеше БАҚ-қа сайлау учаскелері, сайлау округі мен барлық деңгейлі сайлау космиссиясының құрамын жариялауды аяқтадық. Ендігі кезде қала тұрғындары сұрақтар туындаған жағдайда қай жерлерге хабарласа алатындықтарын білетін болады. Барлық комиссия жұмыс орындарында»,- деді А. Маркова.

Сондай-ақ, коомиссия төрағасы облыста 301 депутат сайлататындығын айтып өтті.

«Біз 301 депутатты  сайлайтын боламыз. Оның ішінде 36 депутат облыс мәслихатынан, 62 депутат төрт қаладағы қалалық мәслихаттан және 203 депутат аудан мәслихатынан. Жалпы, барлық деңгейлі депутаттық сайлауға 301 окгругтік сайлау комиссиясы қатысатын болады»,-деп хабарлады А. Маркова.
Сондай-ақ, облыста 218 сайлау учаскісі қызмет істейтін болады.

«Участік жұмысқа дайын, алайда олар өз міндеттерін ү.ж. 1 наурызынан бастайды»,-деді ол.

Барлығы Қостанай облысы бойынша 2016 жылдың 1 наурызына дейін 552 572 сайланушылар бекітілді.

«Сайланушылардың тізімін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ү.ж. 29 қаңтар айында аймақтық сайлау комиссиясымен семинар өткізетін боламыз»,-деді А.Маркова.
Сондай-ақ, Қостанай облысының сайлау комиссиясының төрағасы әкімдердің жасаған жұмыстары бойынша қорытынды жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып өтті. Есеп барысында тұрғындарға 2016 жылдың 20 наурыз айында Мәжіліс пен мәслихатта болатын сайлау бойынша ақпараттар да айтылып кетті.

«Тұрғындар ақпаратты оң қабылдауда. Менің ойымша сайлауға келу жұмысы өте жоғары болады»,-деді А. Маркова.

 Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика