Басқару

Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметіне оң баға берілді - ІІМ

Елордалық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуовтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен жедел кеңес өтті, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Астана қаласы27 Қаңтар , 10:19

Жиында 2015 жылдың жұмыстағы жедел қызметтің қортындылары талқыланып, Мемлекет басшысының «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  халыққа Жолдауының талаптарын іске асыруда нақты қадамдар жайында сөз қозғалды.

Жиналыста бес институтционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Президенттің тапсырмасына сай құрылған жергілікті полиция қызметіне аса назар аударылды.  

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларына сәйкес, халықтың полицияға сенімін арттыру, полиция қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында жеке құрамға нақты міндеттер мен талаптар қойылғандығы жайында атап кетті.   

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты сайлауы қарсаңында және басқа да мемлекетіміз үшін маңызды уақиғалар кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз етуді күшейту шаралары қолданылуда. 

«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елордалық полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қорғап, уақытылы түрде «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесінің барлық периметрі бойынша заңға қайшы әрекеттердің жолын кесуде. Жалпы алғанда, ІІМ мен әкімшіліктің қолдауымен Ішкі істер департаментінің материалды-техникалық жабдықталуы жоғары деңгейде болып табылады», - делінген хабарламада.  

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өткен жылдағы жұмыстағы жедел қызмет туралы ақпаратты тыңдап, ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Демеуов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша криминогенді жағдайды тұрақты ұстау бағытында жергілікті полиция қызметіне үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті.

 Сонымен қатар, Марат Демеуов жаңадан құрылған қылмыстық кодекстің жағдайында жедел жұмыс қызметінің жақсартылуын қамтамасыз ету, қылмыс туралы келіп түскен барлық арыздар мен хабарламаларға жедел әрекет ету, оған қоса жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту қажеттілігін атап көрсетті.

Жалпы елордалық Ішкі істер департаментінің жұмысына оң баға беруге болады деп Марат Демеуов өз сөзін қорытындылады.

Өз кезегінде жеке құрамның алдында сөз сөйлеген Астана қаласы Әкімінің орынбасары Андрей Лукин жергілікті полиция қызметі жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет ету алгоримдеріне тоқтала кетті. Елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заң бұзушылықтардың алдын алуда үлкен жауапкершілік артылады. Астана еліміздің маңызды қаласы болғандықтан, ІІД  елорданың мәртебесіне сай келуі тиіс екенін атап айтты.  




Яндекс.Метрика