Парламент

Г.Гварамиа: Мерзімінен бұрын болатын сайлау – дұрыс және уақытылы жасалған шешім

Мен басқа да посткеңестік мемлекеттерге осындай қадам жасауға кеңес берер едім. Бір сөзбен айтқанда жастарға, энергияға толы болып, шешім қабылдай алатын оқытылған кадрларға «жасыл түсті» жағуымыз керек. Бұл жөнінде тәуелсіз сарапшы Гоча Гварамиа Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 27 Қаңтар, 09:43

«Басқа мемлекеттің азаматы болып, осындай мәселелерге баға беру қиынырақ болып келеді. Алайда, жақсы бағытқа қарай өзгеру міндетті түрде керек. Президент қолдағаннан кейін, тіпті барлық халық бір ауыздан қолдап отырғаннан кейін бұл дұрыс шешім дед ойлаймын. Қазақстан Парламентінеде қызмет еткен адамдар, ендігі кезде шет елдерде білім алған, мемлекетті басқарудың жаңаша түрін үйренген жастарға эстафета тізгінін беруді ұйғарып отыр»,-деді грузиялық сарапшы.

Оның айтуынша, мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау қазіргі күні орын  алып отырған мәселелерге жауап болып келеді. Сарапшының ойынша, қазақстандық тәжірибе бұрыңғы КСРО елдеріне де септігін тигізер еді.

«Бұл уақытылы, дұрыс жасалған шешім. Мен басқа да посткеңестік мемлекеттерге осындай қадамға баруға кеңес берер едім. Бір сөзбен айтқанда жастарға, энергияға толы болып, шешім қабылдай алатын оқытылған кадрларға «жасыл түсті» жағуымыз керек. Бұл елдің дамуына тек қана оң әсерін тигізеді»,-деді Г. Гварамиа.

Индира Қауметова

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Яндекс.Метрика