Өңірлер

«ҚазАгро» мен Павлодар облысының аграрлары егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады

Шаруашылықтар мен аймақтың агроқұрылымдарынан басқа іс-шараға облыстың әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) өкілдері қатысты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Павлодар 27 Қаңтар, 09:28

Кездесуде атап өтілгендей,  алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады.

Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудың жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теңгені құрады.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстандағы  барлық бидай  өндірісінің 50% қаржыландырды. Жалпы алаңы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.

 Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кей кезде тіптен болмауы басты себептердің бірі болып табылатынын атап өту қажет, соның салдарынан көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы қаражатын алудың қиындықтарына кездеседі. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларына – нашар техникалық жарақтандырудың және өндірістің шағын тауарлылығының алғышарты болады.

 «ҚазАгро» холдингінің кооперациялар принципінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы мәселенің шешімі болуы мүмкін.  Оның мәні, шаруалар бірігіп несие қаражаттарын алады, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердің мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

«Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарында өткен жылы табысты іске асырылған кооперациялар бойынша пилоттық жобаға Павлодар облысының бірқатар шаруашылықтары да қызығушылық танытқанын атап өту қажет.   Тәжірибені зерттеу мақсатында 2015 жылғы желтоқсан айының басында павлодар аграрларының делегациясы Ақмола облысы кооперативтерінің  - «Аймақтық Астық Холдингі» ЖШС мүшелерінің қорытынды кеңесінің жұмысына қатысты», - делінген хабарламада.

2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен Павлодар облысының АӨК қолдауға 11,7 млрд.теңге бағытталды. Бұл республика бойынша холдингпен қаржыландырудың жалпы көлемінің 3,7%-ы (316,8 млрд. теңге). «ҚазАгроның» инвестициялық қоржынында Павлодар облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теңгенің 46 жобасы бар, оның ішіндегі 17 млрд.теңгенің 38 жобасы пайдалануға берілді, 1,5 мың жұмыс орнын құрылды. 2015 жылы жиынтық құны 7,8  млрд. теңгенің                         10 жобасы іске қосылды және 567 жұмыс орны құрылды. 

Өткен жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдау шеңберінде Павлодар облысы бойынша 1,5 млрд.теңге сомасына 200 өтінім қаржыландырылды  (ҚР бойынша барлығы –68 млрд. теңгеге 3248 өтінім). 4,3 млрд. теңге сомасына 390 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасалды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика