Парламент

А.Жолдыбалина: Сайлауда әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады

Сайлауда әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады."Парламенттік сайлау - 2016": жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктер" тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстелде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина осындай пікір білдірді.
Астана қаласы26 Қаңтар , 20:32

«Жаңа ойын ережелері мен әдістерді, саясат жүргізудің жаңа құралдарын талап ететін жаңа геосаяси, геоэкономикалық шынайылықта өмір сүріп жатырмыз. Бұл ретте мемлекет, азаматтар тарапынан бірлескен тиімді жұмыс атқарылуы тиіс. Сонымен қатар, жедел түрде шешім қабылдауды, институционалды жаңартуды, мемлекеттік органдар тарапынан үйлесімді іс-әрекетті қажет етеді", - дейді А.Жолдыбалина.

"Біріншіден, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады. Екіншіден, әрбір сайлау мемлекеттік билікті қалыптастыру әдісі болып табылады. Үшіншіден, азаматтардың саяси әлеуметтенуі және жұмылуы байқалады", - дейді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

 

 




Яндекс.Метрика