Парламент

А.Сәдуақасова: Әлеуметтік зерттеулер – сайлау кезіндегі маңызды әдіс

Әлеуметтік зерттеулер – сайлау кезіндегі маңызды әдіс.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова айтты.
Астана қаласы26 Қаңтар , 20:26

«Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан азаматтардан неліктен бұл бастаманы қолдайтынын және қандай нәтиже күтетінін сұрадық. Сұралғандардың 95,4 пайызы Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін партияларға сайлаушылар сенімінің жаңа мандатын алу керек деп есептейді. Респонденттердің 97,2 пайызы Мемлекет басшысының қазіргі күннің мақсат-міндеттерін түсіне алатын сауатты, елдің мүддесіне адал кандидаттар керек деген пікірін қолдайды. Бұған қоса, сұралғандардың 90 пайыздан астамы кезектен тыс сайлау дамудың күрделі кезеңінде халықтың бірігуіне ықпал етеді деп есептейді», - деді ол.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 94,7 пайызы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бірге өткізу тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді деген пікірде. Азаматтардың 93,2 пайызының пайымынша, құрамы жаңарған Мәжіліс ел алдында тұрған стратегиялық мақсат-міндеттерді жаңаша көзқараспен шеше алады. Ал респонденттердің 96 пайызы кезектен тыс парламенттік сайлау экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді деп есептейді.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика