Парламент

Саяси партиялар әлеуметтік желілерде белсенді болуы тиіс - сарапшы

Сайлау науқанына түсіп отырған партиялар әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыруы тиіс, деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Қанат Әуесбай.
Астана қаласы26 Қаңтар , 19:12

«Жаңа технологиялар, интернет платформаларды қолдану жағынан әлі де біздің саяси партиялардың кемшін түсіп жатқан жағдайлары бар. Көптеген саяси партияларымыз сайлаудың 20 наурызға белгіленгеніне қарамастан, үгіт-насихат жұмыстары болмаса да, өзінің әлеуметтік желілердегі жұмысын жандандырып жатқан жоқ», - деді Қ.Әуесбай.

 Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Парламенттік сайлау – 2016: жаңа мақсаттары мен мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика