Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Мәскеудің ең ірі азық-түліктік орталығында "Оңтүстік Қазақстанның" сауда-көрмелік павильоны ашылды (ФОТО)

25 қаңтарда Мәскеудің "Фуд сити" ең ірі көтермелі-бөлшек азық-түліктік сауда үйінде "Оңтүстік Қазақстан" сауда-көрмелік павильоны ашылды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Әлемде 26 Қаңтар, 19:16

Жобаны Ресейдегі Қазақстанның Елшілігі және Сауда өкілдігінің қолдауымен "KazFood" брендімен шыққан "Призма групп" компаниясы ұйымдастырды.

Оңтүстік Қазақстан Әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодукова, "Фуд сити" Агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, қазақстан кәсіпорындарының және ресей бизнесінің өкілдері Сауда-көрмелік залдың салтанатты ашылуын қатысты.

Өз сөзінде С.Тұяқбаев қазақстан азық-түлік тауарлар экспортын ресей нарығына ұлғайту қажеттілігін атап айтты. Сондай-ақ, Ресейдегі Қазақстан Елшілігі және Сауда өкілдігімен қарым-қатынасты нығайту мақсатында қазақстан тауарөндірушілеріне жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері ресейлік тұтынушыға жиырмадан астам азық-түлік өнімдерін ұсынды, және алдағы келешекте өнімдердің санын жүзге дейін жеткізуді көздеуде.

Ашылу бырысында ет өнімдері және айтулы тамақ, жеміс-көкөніс консервілері, балық еті, сүт өнімдері, кондитер тағамдары, бакалея тауарлары, шай, бал өнімдері және т.б. ұсынған.

Аталған жоба қазақстан өнімін өндірушілер мен дистрибьюторларға көмектесу, және Ресей аумағына қазақстан экспорт көлемін және географияны кеңейту мақсатныда атқарылған.

 
 
 
 
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика