Парламент

В.Косарев: Сайлауға дайындық жоспарлы өтуде

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметін депутаттардың бақылауына барлық жағдайды жасап жатыр, бұл қарапайым адамдарға қарсы қадам жасау, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстан Коммунситік халықтық партиясының хатшысы Владислав Косарев.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 18:26

«Сайлауға дайындық жоспарлы өтуде. Коммунистер осы сайлауға үлкен тәжірибе жинап бара жатыр. Депутаттық фракция қарапайым адамдардың қызығушылығын қорғайды. Біздің фракция әр түрлі сынақтардан халықты қорғайды. Қазір либералды нарықтық жүйе негізінен кету қажет», - деді ол.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның даму басымдылықтарын дұрыс анықтап берді. Мәселен, «Бірлік пен біртұтастық» тұжырымдамасы. Мен бұл құжатты алып, ең маңызды деген бөлімдерін белгіледім. Оқып болған соң барлығы нақты екенін ұғынып, белгіленгенін қарап шықтым. Себебі, бұл құжатта барлығы маңызды. Бұл үрдіс Елбасы депутаттарға мемлекеттік органдарды бақылауға барлық жағдайдың жасағандығын көрсетеді», - деді В.Косарев.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика