Экология

Табиғатты қорғау органдары киіктерді қорғау мен сақтауға бағытталған іс-шараларды күшейтулері керек - АШМ

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктерді қорғау бойынша мемлекеттік органдармен ортақ әдістерді әзірлеу бойынша жиналыс өткізді.
Астана қаласы26 Қаңтар , 17:39

Жиынға ҚР АШМ вице-министрі, құқық қорғау органдары, ҚР Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.

«Аталмыш проблеманы шешу үшін құқыққорғау органдары мүйіз алушыларды іздеп табуға араластыру қажет. Киіктерді қорғау бойынша мемлекеттік органдармен ортақ әдістерді әзірлеу қажеттігі туып отыр», - деді  ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Өстеміров.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, барлық орман қорғау құрылымдарының өзара әрекеттестігін жүзеге асыру қажет, себебі киіктерді аулау қылмыстық формаға ие болды.

«Бүгінде осы күнге дейін сақталған жануар басын сақтау маңызды. Қазір биологиялық норма 16-18 пайыз, біз осы көрсеткішті сақтауымыз қажет», - деді ауыл шаруашылығының вице-министрі Ерлан Нысанбаев. 




Яндекс.Метрика