Білім беру

Қазақстанның медициналық оқу орындарында 1 қыркүйектен бастап жалпы практикалық дәрігерлерді дайындаудағы педиатрия бойынша сағаттар саны ұлғайтылады

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердің (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаның сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек, деп мекеме хабарлайды.
Астана қаласы26 Қаңтар , 20:03

 «ҚР ДСӘДМ-де амбулаторлық-емханалық қызмет дәрігерлерін дайындаудың сапасын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практикадағы міндетті резидентураны енгізу мәселесі қарастырылуда»,-делінген хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда 3,5 мың ЖПД (қайта бағдарланған учаскелік педиатрлар үлесі - 36%, учаскелік терапевтер – 35%) жұмыс істейді. Республикада қазіргі таңда жалпы практикалық дәрігер 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп келеді. Азаматтар өз еркімен тіркеле алады.

Айта кету керек, ЖПД қызметін енгізу өзге қызметтердің, мәселен, педиатрлық, терапевтік, хирургиялық және т.б. салаларының жабылуына әкелген жоқ. Өзгерту шаралары ЖПД жұмыс істейтін амбулаторлық-емханалық көмек деңгейіндегі медициналық көмек көрсету ұйымдарына қатысты болды. 

Жалпы практикалық дәрігер педиатрия, терапия, хирургия, акушерлік және гинекология салаларындағы, сонымен қатар, офтальмология, оториноларингология, неврология, дерматология, кардиология сынды аралас мамандықтар бойынша  базалық білім мен дағдының негіздерін білуі тиіс.




Яндекс.Метрика