Парламент

ҚР ОСК сайлауға 8 ақпараттық плакат, 14 оқу-әдістемелік құрал әзірледі (ФОТО)

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысушыларды әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуде. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының сайлауын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифинг барысында ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 16:21

«Орталық сайлау комиссиясының маңызды міндеттерінің бірі – сайлау науқанының қатысушыларына құқықтық білім беру болып табылады. Осының аясында әдістемелік қамтамасыз етуге маңызды рөл беріледі. ОСК сайлауға қатысушылар үшін 8 ақпараттық плакат, 14 оқу-әдістемелік құралы, жадынамалар, жинақтармен басқа да баспа өнімдерін дайындады. ҚР ОСК-ның барлық сайлаушыларға арналған үндеуінің мәтіні 22 қаңтарда өткен ОСК отырысында қабылданды. Үндеу мәтіні жазылған, тиражы 62 мыңға жететін плакаттар еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіліп, халық көп жүретін әуежай, вокзал, базар, көлік құралдары мен басқада жерлерге орналастырылады», - деп мәлімдеді Т.Охлопкова.

ОСК мүшесінің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша әзірленген барлық әдістемелік материалдар ОСК-ның www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Сонымен қатар, елдің өңірлерінде сайлау туралы негізгі ақпаратты қамитын және азаматтарды дауыс беруге қатысуға шақыратын ақпараттық және жұмылдыру билбордтары орналастырылады. Сонымен қатар, ОСК мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін Орталық сайлау комиссиясының жанында баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.

20 қаңтар күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісінтарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектентыс сайлауын және мәслихат депутататтарының кезекті сайлауын белгілеу туралы Қаулыға қол қойды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленсе, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызда өткізіледі. Ал мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2016жылғы 20 наурызға белгіленді.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика